Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару туралы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында басқарманың инспекторлары аудан әкімдіктерімен бірлесіп 500 гектар жерді қайтаруға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Аудандарды осы сұрақ бойынша арнайы жұмыс топтары құрылып, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу және мемлекет қорына қайтару жұмыстары белсенді жүруде.
Жұмыс топтары қыркүйек айынан бері шаруа қожалықтарымен 85 кездесулер өткізді. Бұл жұмыстарға басқарманың инспекторлары атсалысып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбағаннан туындайтын салық өсімі және заң бұзушылық салдарлары туралы қожалық басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осының нәтижесінде аудандардағы пайдаланылмай жатқан 498,5 мың га ауыл шаруашылық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. (Ырғыз – 62511 га, Әйтеке би -53224 га, Қобда -68276 га, Шалқар – 61100 га, Бағанин -60430 га, Қарғалы -17853 га, Мәртөк -25944 га,Мұғалжар – 46016 га, Темір – 20048 га, Хромтау – 40398 га, Алға – 15238 га, Ойыл -25486 га). Жыл соңына дейін белгіленген меже толық орындалатын болады.