Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Қазақстанның Цифрлық үкімет офисімен танысты

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Қазақстанның Цифрлық үкімет офисімен танысты

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлтан қаласына іссапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті әкімшілігінің басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров бастаған делегацияға Цифрлық үкімет офисін көрсетті.

Бағдат Мусин Цифрлық үкімет офисінің негізгі міндеттері мен жобалары жайлы айтты. Кеңсе қызметінің аясында бастапқы аналитика автоматтандырылып, болжамдар мен даму барысы жасалып, мониторинг жүргізіліп, мақсатты көрсеткіштерге жетуге тосқауыл болатын кедергілер анықталады және т.б.

Сондай-ақ Бағдат Мусин «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Цифрлық мемлекеттік қызметтер мен бизнес-үдерістердің реинжинирингі туралы айтып, автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу бойынша жаңа сервисті мысалға келтірді. Сонымен қатар халықты вакциналау барысы мен қарқынына цифрлық мониторинг жасау жобасын таныстырды.