Бершүгір кен орнындағы тексеріс нәтижелері
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылы тұрғындарының 2021 жылғы 27 тамыздағы жазған арыздары бойынша басқарма инспекторларымен Бершүгір ауылдық округі аумағындағы «Бершүгір» кен орнында орналасқан «Диабаз-НТ», «Мұғалжар Нефтестрой», «Жартас Недра», «Жайық-Ақтөбе-Тас», «Абзал», «Иргиз Тас Кум», «Теміржол жөндеу» ЖШС–теріне жер заң бұзушылық фактілеріне тексерістер жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жерді заңсыз иелену, мақсаты бойынша пайдаланбау, траншея қазу, жер учаскелерінде межелік белгілердің жойылуы түріндегі заңбұзушылықтар анықталып, заң бұзушылыраға әкімшілік шаралар қолданылды. Жалпы сомасы 918855 тенге көлемінде (қысқартылғын өндіріс ісімен) айыппұлдар салынды. Жер заң бұзушылықтары анықталған ұйымдарға заң бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар берілді. Заңсыз иеленген жерлерді босату, қазылған траншеяларды жабу түріндегі жұмыстардың жасалуына бақылау тексерістер жүргізілді. Межелік белгілдерді қою бойынша бақылау тексерулер берілген нұсқамалардың орындалу мерзімдері келген соң Басқармамен жүргізілмек.