«Өңірлік ономастика мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинар

«Өңірлік ономастика мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Атырау облысы Атырау қаласында 2021 жылғы 23 қарашада «Өңірлік ономастика мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымды, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен құрамдас бөліктерді қайта атау бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы мен өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін насихаттау, оны жұмыс барысында басшылыққа алу. 

Семинар жұмысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев жүргізді.

Семинарға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктері жанындағы ономастика саласымен айналысатын басқарма басшылары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, Атырау облысына қарасты барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Семинарда бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Семинар еркін форматта өтті.