2021 жылдың 4 қараша күні Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. Света Ганиева «Батыс Қазақстан облысы бойынша тіл саясатының іске асырылуы» туралы баспасөз мәслихатында баяндама жасады. Баспасөз шарасы тікелей эфирде өтті.
Света Ганиева:
- «Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті» деп көрсетілген. Аталмыш бапты орындау мақсатында жылма - жыл қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде 4 мыңға жуық адам тіл курсын тәмамдады. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ересектерге арналған қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқыту курсына қабылдау жүргізеді.
Аталмыш курстарға 18-ге толған тілді меңгеруге ниет білдірген облыс тұрғындары қатыса алады. Тегін курсқа жазылу үшін Орал қаласы, Хамид Чурин көшесі, 116-үйде орналасқан облыстық тілдерді дамыту басқармасына өтінім қалдыру қажет. Қосымша анықтамалық ақпарат алу үшін 87112 506426, 87112 500617 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.