2022 жылы Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеу жөнінде кеңес

2022 жылы Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеу жөнінде кеңес

А.ж. 11 қараша күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 2022 жылы Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңесте Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасымен таныстырды. 

Қостанай облысында А.Байтұрсынұлының қызметін жан-жақты танытуға бағытталған халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. 

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде дайындау және өткізу бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.