Қазақстан, БАӘ және Ресей «Гагарин стартын» жаңғырту бойынша ниет хатқа қол қойды

Қазақстан, БАӘ және Ресей «Гагарин стартын» жаңғырту бойынша ниет хатқа қол қойды

Келісімге Dubai Airshow 2021 халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесі аясында қол қойылды.  

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Біріккен араб әмірліктері Ғарыш агенттігі және «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы арасында «Байқоңыр» айлағындағы «Гагарин старты» алғашқы коммерциялық ғарыш жобасы бойынша хатқа қол қойды.

Бұл - «Байқоңыр» айлағына шетелдік инвестицияны тартуға және алғашқы рет адамзат – Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан әйгілі №1 «Гагарин старты» алаңын жаңартып, жаңғыртуға бағытталған жоба.

Осы жоба аясында 33,3 пайызды үлеспен ҚР-РФ-БАӘ үш жақтың паритетті қатысуымен ортақ кәсіпорнын құрып, алдағы уақытта №1 старттық алаңын модернизациялау үрдісін және «Союз-2» тасымалдағыш зымырандарын ұшыру қызметін басқаруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Гагарин старты» жобасының басты мақсаты – «Байқоңыр» айлағындағы №1 старттық алаңды сақтап қана қоймай, оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл орайда әрбір тарап ұшыру қызметін жүзеге асыра алатын болады.