Бағдат Мусин сенаторларға Цифрлық үкімет кеңсесін көрсетті

Бағдат Мусин сенаторларға Цифрлық үкімет кеңсесін көрсетті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына Цифрлық үкімет кеңсесін таныстырды.

Бағдат Мусин Цифрлық үкімет кеңсесінің негізі міндеттері мен жобалары туралы баяндады. Министрдің айтуынша, онда сараптама жұмысын автоматтандыру, даму болжамдары мен үрдісін дайындау, мақсатты көрсеткіштерге жетуге кедергі жасайтын тәуекелдерді қадағалап, алдын ала анықтау және т.б. қызметтер жүзеге асады.

ЦДИАӨМ қарамағындағы Цифрлық трансформация орталығы мемлекеттік органдардағы үдерістердің реинжинирингі мен оларды цифрлық нұсқаға ауыстырумен айналысады.

Оның үстіне ЦҮК-де математикалық модельдеуді, болжауды және талдауды қолдану арқылы деректер базасындағы корреляцияны анықтауға мүмкіндік беретін Ұлттық талдау орталығы және Ұлттық жобалау кеңсесі де жұмыс істейді.