Ағымдағы жылдың 15 наурызы-15 сәуірі аралығында «Бала дауысы» ұйымдастырушылық комитетіне 8-12 жас аралығындағы балалардан 3765 өтінім келіп түсті. Бұл конкурс басталғалы рекордтық көрсеткіш. Алдын-ала корытынды бойынша, іріктеу турді финалына 14 облыстан, Алматы және Астана қалаларынан 81 қатысушы шақырылған болатын. Олар кәсіби әділқазылар: Майра Мұқамедқызы, Жеңіс Сейдоллаұлы және Әсет Арыстанбек. Екі күн ішінде балалар вокалдық өнерлерін ғана емес, би және әртістік қабылеттерін тамаша таныта білді. 81 баладан «Бала дауысы» жұлдыздар үйіне 19 бала шақырту алды. Ол жерде балаларды осы жылдың қыркүйек айында дайындығы басталатын супер-финал күтуде. Балалар вокал, актерлік шеберлік, хореография, сөз өнері, сахна өнерінен шеберлік сабақтарын алады.
27 қазан-желтоқсан яғни, 2 ай ішінде телекөрермендер кішкентай әртістердің өнерін тамашалап, өз сүйіктілеріне дауыс бере алады! Телекөрермендер «Халық сүйікісін» анықтайды. Ал, 8 желоқсан күні Астанадағы «Қазақстан» концерт залында ауқымды супер-финл өтеді. Тікелей эфирде әділқазылар «Бала дауысының» - маусымының жеңімпазын анықтайды.