Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – «Жоба») іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп инновациялық жобаларды қолдау жөнінде конкурс өткізеді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – «Жоба») іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп инновациялық жобаларды қолдау жөнінде конкурс өткізеді.

2021 жылдың 23 тамызынан 27 қыркүйегіне дейін келесі гранттық бағдарламалар бойынша өтінімдер қабылданды:

  • Кіші ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар / аға ғылыми қызметкерлерге арналған гранттар. Гранттық бағдарламаның мақсаты отандық ғалымдар мен инноваторлар топтарын ғылымды қажетсінетін стартаптарды коммерцияландыруға ынталандыру болып табылады.
  • Мақсаты жаңа технологиялары мен әзірлемелерін шығару арқылы шешілетін технологиялық міндеттер үшін өндірістік кәсіпорындарды міндетті түрде тарта отырып, ЖОО немесе ҒЗИ базасында құзыреттердің жетекші технологиялық орталығын құру болып табылатын құзыреттілік орталықтарына арналған гранттар.
  • Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциумның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешетін отандық әзірлемелерді ендіру үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында консорциум құру болып табылады.

Қазіргі кезеңде өтінімдердің онлайн халықаралық сараптамалық бағалауы аяқталды. Презентациялар кезеңіне жіберілген жобалардың қысқа тізімі ұсынылды.

Келесі кезең - халықаралық сарапшылар алдындағы онлайн-презентациялар. Бұдан әрі сараптамадан өткен жобалар қаржыландыруға ұсынылатын болады.

Конкурстың барлық кезеңінен өткен жобалардың тізімі жоба сайтында жарияланады fpip.kz.