Құрметті тілшілер! Digital Bridge 2021 халықаралық форумға қатысуға шақырамыз. Форум 28-29 қазан күндері Сауран көшесі, 44 мекен-жайы бойынша орналасқан ЕХРО конгресс-орталығында өтеді.

Құрметті тілшілер! Digital Bridge 2021 халықаралық форумға қатысуға шақырамыз. Форум 28-29 қазан күндері Сауран көшесі, 44 мекен-жайы бойынша орналасқан ЕХРО конгресс-орталығында өтеді.

Құрметті тілшілер!

Digital Bridge 2021 халықаралық форумға қатысуға шақырамыз. Форум 28-29 қазан күндері Сауран көшесі, 44 мекен-жайы бойынша орналасқан ЕХРО конгресс-орталығында өтеді

 Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Цифрландыру, инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпін" атты ұлттық жобалардың тұсаукесерін өткізеді. Сонымен қатар халықаралық компаниялармен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылады.

Форумның іскери бағдарламасы қазақстандық және халықаралық IT-қоғамдастықтың 70 спикерлері баяндамасымен сөз сөйлейтін 20 шақты панельдық сессиядан  тұрады. Бұл жылдың негізгі тақырыптары: венчурлық нарықты дамыту, IT-өнімді шетелге экспорттау тәжірибелері, цифрлық инклюзия, онлайн білім алу, IT-дегі әйел адамдар, GameDev индустриясын дамыту және тағы да басқа.

Digital Bridge алаңында дәстүрдегідей технологиялық стартаптар Astana Hub Battle шайқасында үздік стартап атағы үшін күреседі. Сонымен қатар қызығушылық білдірген барлық IT-стартаптар өзінің жобаларын цифрландыру вице-министрлеріне, ұлттық компаниялардың өкілдеріне, венчурлық қорлар мен ЦДИАӨМ ешілес ұйымдарының өкілдеріне ұсына алады.

Форумға қатысатын шетелдік қонақтардың ішінде келесі мамандар бар

  • Санджар Тароми - Plug and Play өкілдігінің басшысы;
  • Кендрик Уайт - Marchmont Capital Partners бас атқарушы директоры;
  • Юрий Рабинович - Tribe-V негізін қалаушысы мен басқарушы директоры;
  • Анатолий Моткин - StrategEast стратегиялық орталығының президенті;
  • Стив Коллар - SES жаһандық спутниктік оператордың бас атқарушы директоры және әлемге танымал IT-индустриясының басқа да мамандары.
  • Нил Мастерсон – OneWeb спутниктік байланыс халықаралық компаниясының бас директоры  

Форумның негізгі спикерлері тілшілерге сұхбат беруге шығады, тілшілер үшін ноутбуктері және басқа да қажет техникамен жабдықталған арнайы пресс-орталық жұмыс істейді, кофе-брейктер ұйымдастырылады. Түсірілімдер мен жеке форум спикерлері беретін сұхбаттарды жүргізу үшін арнайы жабдықталған бөлме көзделген. 

БАҚ аккредиттеу 26 қазанның сағат 18:00-ге дейін digitalbridge.kz форум сайтында немесе pr@digitalbridge.kz электрондық пошта арқылы жүргізіледі. БАҚ жұмысын ұйымдастыру бойынша қосымша ақпаратты +7 (707) 961 5923 нөмірі бойынша Гайнель-Хаят Машраповадан ала аласыз.

Форум бағдарламасы мен спикерлер туралы ақпаратты digitalbridge.kz сайтынан таба аласыз.

Конгресс-орталыққа кіру үшін Ashyq қосымшасын жүктеп алыңыз.