«Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!» атты жастар арасында эссе жазудан облыстық шығармашылық байқауы

«Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!» атты жастар арасында эссе жазудан облыстық шығармашылық байқауы

   

        2021  жылғы 15-қазан күні Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Тәуелсіз еліміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!» атты жастар арасында эссе жазудан облыстық шығармашылық байқауын өткізді.

         Байқаудың басты мақсаты: жастар арасында Тәуелсіз еліміздің ең асыл қазынасы – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, жастардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмысқа баулу.

         Байқауға қатысу үшін өңір жастарынан 90-ға жуық өтінім келіп түсті. Соның ішінде 42 қатысушы байқауға қатысып, бір мезгілде мемлекеттік тілде эссе жазып, тәуелсіздік жөнінде ой толғады.

         Қазылар алқасының шешімімен Атырау жоғары медициналық колледжінің студенті Сапарбаева Арайлым Бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды. Жүлделі І орынға дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектебінің оқушысы Елеусинов Бекзат ие болса, ІІ орынды Х.Санбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Оразова Ақжұлдыз (Мақат ауданы) иеленді. Жүлделі ІІІ орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Джумашева Алтынай мен Атырау жоғары медициналық колледжінің студенті Нурпеис Дина өзара бөлісті.

        Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

        Сонымен қатар 15 қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болды.