"ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша тестілеу

"ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша тестілеу

 

     «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп бекітілген.

      Осы ретте, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 11-15 қазан аралығында мемлекеттік тіл саясатының негізгі міндеттерін орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік сала қызметкерлерінің мемлекеттік тіл білу деңгейіне «Қазтест» жүйесі бойынша сынақ жұмыстарын өткізді.

       «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу 800-ге жуық адам тапсырып, тіл білу деңгейін анықтаса, сертификаттық тестілеуге 60 адам қатысты.