Түркістан облысында карантинді бұзушылар 8,5 млн теңге шамасында айыппұл төледі

Түркістан облысында карантинді бұзушылар 8,5 млн теңге шамасында айыппұл төледі

             Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша талаптарды сақтаумен «ASHYQ» платформасы базасында 9 027 ШОБ объектісі жұмыс істеуде.

             Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, «ASHYQ» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері COVID-19-бен ауырған науқастар және олармен байланыста болғандар карантиндік шаралары мен оқшаулау режимін бұза отырып, қоғамдық орындарға бару жағдайлары орын алған.

             Түркістан облысының СЭБД ұйғарымдарын ескермегендердің ең көп бөлігі Түркістан қаласында тіркелді.  ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 116 азамат және жұқтырғандармен байланыста болған 88 адам ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен кафелер, базарлар мен ірі сауда орындарына барған. Үй карантинін бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 192 әкімшілік хаттама толтырылып, 8 473 885 тенге айыппұл салынған.

             «ASHYQ» қосымшасындағы деректер бойынша қыркүйек айында Түркістан облысында екі аптаға оқшаулауға жіберілген 68 келуші анықталған, оның ішінде 40 – «қызыл» статус, 28-і «сары» статустағы тұлғалар. Олардың істері қаралуда және құзыретті органдарға жіберілмек.