"STOPfake Mangystau" Telegram каналының міндеті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпаратты талдау және тексеру, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.
Бұл ақпараттық арнада әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпараттар мұқият талдау мен факт-чекингтен өтіп жарияланатын болады.
Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін тұрғындар "STOPfake Mangystau" арнасын пайдалана алады. Ол үшін ол "Telegram" қосымшасы арқылы ақпараттық арнаға тіркелуі тиіс.
"STOPfakeMangystau" телеграм-арнасына сілтеме:
https://t.me/stopfakemangystau
Егер қандай да бір ақпарат күмән тудырса, кез-келген тұрғын Telegram бот- қа осы сілтеме бойынша өтінім жіберу арқылы ақпараттың дұрыстығын тексере алады:
https://t.me/stop_fake_mangystau_bot