2021 жылғы 6 қыркүйекте «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК "АҚ, «Ghalam» ЖШС және EurasianSpaceVentures (ESV) арасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Меморандум шетелдік жеке инвестицияларды бірлесіп тартуға және ғарыш өнімдері мен қызметтерінің экспортын дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ғарыш технологиялары саласындағы жобаларды әзірлеуге бағытталған.
«Біз жеке секторды ғарыш саласына тартуды қолдаймыз. Бұл бізге мемлекеттік бюджеттен жүктемені алып тастауға және бизнеспен бірлесіп, кейбір бағдарламаларды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде әлемнің түкпір-түкпірінен spacetech стартаптарын тартатын ғарыш хабын құру жоспарлануда. Біздің ғарыш кәсіпорындарымыз перспективалы стартаптар мен инновациялық компаниялар үшін инфрақұрылым ұсынуға дайын», - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Мәлік Олжабеков.
ESV негізін қалаушы Шухрат Ибрагимовтың пікірінше, жеке компания белгілі бір технологиялар мен ноу-хау бар серіктестерді, сондай-ақ бірлескен ұлттық ғарыш бағдарламасын дамытуға көмектесетін саладағы жаңашыл инженерлерді тезірек және оңай тарта алады. ESV Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке компания болып табылады және SpaceChain, LoftOrbital, Nanoracks және басқалары сияқты әлемнің жетекші компанияларымен белсенді ынтымақтасады.
Шетелдік жеке инвестицияларды бірлесіп тартудан және ғарыш өнімдері мен қызметтерінің экспортын дамытудан, тәжірибе алмасудан басқа, ғарыш технологиялары саласындағы жобаларды әзірлеу жоспарланған.
Анықтама:
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш аппараттары мен ғарыш техникасының құрамдауыштарын жобалаумен, құрастырумен және сынаумен, ЖҚЗ және дәлдігі жоғары жер серіктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын пайдаланумен, навигациялық қызметтер ұсынумен айналысады.
«Ghalam» ЖШС 2010 жылы «ҚазақстанҒарышСапары»ҰК» АҚ мен «AirbusDefence&Space SAS» арасында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды.