ҚР Үкіметінің «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы» қаулысының жобасы талқыланады

ҚР Үкіметінің «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы» қаулысының жобасы талқыланады

Ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және компьютерлік техниканы жасайтын отандық тауар өндірушілерді  қолдау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) жобасын әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

Бұл орайда кез келген қазақстандық 2021 жылғы 11 тамызда сағат 16:00-де ZOOM бейнеконференцбайланыс арқылы өтетін қоғамдық талқылауға қатысып, өз ұсыныстарын енгізе алады. (сілтеме:https://us05web.zoom.us/j/85777508957?pwd=SDlseXRHRmlWeHZmTXMxcGEwQXBadz09

Конференция идентификаторы: 857 7750 8957  Қолжетімділік коды: 11111).

Бұл Қаулы жобасы дайындалған кезде компьютерлік техника мен перифериялық жабдықтарды жасайтын отандық өндірушілердің ой-пікірі мен ұсыныстары ескерілді.

Қаулыны қабылдау арқылы 2023 жылға қарай, яғни екі жыл ішінде компьютерлік техника мен перифериялық жабдықтар өндірісінің көлемін ұлғайтып, жаңа өндірістер ашып, өндіріс орындарын жаңғыртып, қосымша жұмыс орындарын ашуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша  8-776-660-87-77 телефон нөміріне (Дандағариев Қ.А.) хабарласа аласыздар.