ҚР ЦДИАӨМ Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясына конкурс жариялайды

ҚР ЦДИАӨМ Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясына конкурс жариялайды.

     Тапсырманың мақсаты:

  • Венчурлік ерте қаржыландыру қорын құру
  • Венчурлік ерте қаржыландыру қорына жеке инвесторларды тарту
  • pre-seed және seed сатыларындағы Қазақстанның қатысу үлесі бар инновациялық компанияларға инвестициялау
  • қордың инвесторлары үшін инвестицияланған капиталдың жоғары кірістілігін алу

Толығырақ ақпарат (сілтеме) сайтында Венчурлік ерте қаржыландыру қоры үшін басқарушы компанияны таңдау жөніндегі ашық конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттамада (1-қосымша) және техникалық тапсырмада (2-қосымша) баяндалған.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 30 шілдеде 9 сағат 00 минутта басталады және 2021 жылғы 30 тамызда Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады*.

Өтінім берушілер Венчурлік ерте қаржыландыру қоры үшін басқарушы компанияны таңдау жөніндегі ашық конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттаманың (1-қосымша) және техникалық тапсырманың (2-қосымша) барлық талаптарымен мұқият танысуы және оларды орындауы тиіс.

Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды және қаралмайды.

Әлеуетті басқарушы компаниялардың өтінімдері esvcf@fpip.kz және venturefund@zerde.gov.kz электрондық пошталарына қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша esvcf@fpip.kz, venturefund@zerde.gov.kz электрондық пошталары немесе мына телефондар бойынша хабарласа аласыздар:  +7 705 111 1387 – Нарымбаев Ерік Айдарханұлы, +7 701 111 6582 Мақажанова Салтанат

*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.