ЦДИАӨМ инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды

ЦДИАӨМ инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі – Оператор) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 10-23 тамыз аралығында https://qazinn.kz/ порталында жүзеге асырылады.

Айта кететін жайт, пилоттық конкурстың қорытындысы бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары қайта қаралып, өзгертілді.

Байқауға қатысу үшін акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткені туралы сертификаттың болуы қажет. Сонымен қатар бұдан былай екінші және үшінші сатыға іріктеу конкурсына жіберу үшін бірінші сатыдан өту қажетті шарт болып табылады.

Сондай-ақ қаржыландыру шарттары да өзгертілді – бірінші сатыны іске асыруға арналған инновациялық грант сомасы 20 млн теңгеден аспайды және іске асыру мерзімі 6 айдан аспауы тиіс, екінші және үшінші сатылар үшін инновациялық грант сомасы 80 млн. теңгеден аспайды, екінші сатыны іске асыру мерзімі 12 айды және үшінші сатыны іске асыру мерзімі 9 айды құрайды.

Үміткерлерге қолайлы болу үшін үнемі «Community QazInnovations» кеңес беру Telegram-арнасы жұмыс істейтін болады!

Бұған қоса, әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-де түсіндіру мен кеңес беру жұмыстарын жүзеге асыру және сұрақтар бойынша кері байланыс орнату мақсатында ZOOM алаңында онлайн конференциялар өткізіледі. Бұл конференцияларға қатысу үшін сізге мына сілтеме бойынша тіркеуден өтіп, өзіңізге ыңғайлы күнді таңдап алу қажет https://forms.gle/HwPXrPTrSnfXZ4qs5.

Назар аударыңыздар!

Өтінім беруші гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) мүшелерімен, сондай-ақ процеске тартылған Оператордың қызметкерлерімен ауызша, жазбаша, телефон арқылы сөйлесуге және ресми консультацияларды қоспағанда, инновациялық грант алуға мәлімделген жобаға қатысты өзге де тәсілдермен олармен байланыс жасауға құқығы жоқ. Өтініш берушінің мұндай әрекеті инновациялық грант беру жөніндегі шешімге ықпал ету талпынысы ретінде бағаланады. Егер осындай әрекет анықталса, өтініш берушінің жобасы конкурстан шығарылып, жауапсыз қатысушылар тізіміне енгізіліп, Оператор сайтына жарияланады.

Толық ақпарат «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының сайтында https://qazinn.kz/