Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс бабымен ҚР ЦДИАӨМ Цифрлық трансформация орталығына барды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс бабымен ҚР ЦДИАӨМ Цифрлық трансформация орталығына барды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Цифрлық трансформация орталығына (ЦТО) барды.


Министр Бағдат Мусин вице-премьерді ЦТО жобаларымен таныстырды. ЦТО мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін нақтылап, оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заманауи және ортақ ІТ-құрылымын жасау мақсатында мемлекеттік органдардың бизнес-процессіне реинжиниринг жасауға бағытталған.
Іссапар барысында вице-премьер ЦТО қызметімен танысып, мемлекеттік органдардың әлеуметтік бағыттағы бизнес-үдерістерін қайта құру бойынша ақпаратты тыңдап, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы өзгерістер мен оңтайландыру шаралары клиенттердің мүддесіне орай жүргізілу керектігін атап өтті.
Ералы Тоғжанов дәрі-дәрмектер айналымы мен фармацевтика нарығындағы барлық өкілдерді, медициналық қызметтер мен науқастар тізімін, яғни күллі қызмет үрдісін цифрландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше тоқталды.
Соның ішінде дәрі-дәрмектерді елге жеткізу және тіркеу жобасымен қатар бақылау және қадағалау жүйесін де енгізу арқылы дәрі-дәрмектер айналымын ашық және басқаруға қолайлы етуге, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туатыны да айтылды.
Іссапар нәтижесінде вице-премьер ЦТО-ға әлеуметтік сала бойынша жаңа цифрлық шешімдер енгізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.