Парижде өтіп жатқан үлкен теннистен Франция ашық чемпионатының төртінші кезеңінде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Үлкен дулыға санатындағы жарыстардың 22 дүркін чемпионы Серена Уильямсты жеңді.
Бір жарым сағатқа созылған ойынның қорытынды есебі - 6:3, 7:5. Бұл Елена Рыбакина мен Серана Уильямс арасындағы алғашқы кездесу. 21 жастағы отандасымыз америкалық даңқты теннисшінің 14 ойынға жалғасқан жеңіліссіз сериясына нүкте қойып, карьерасында алғаш рет Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің ширек финалына жолдама алды.
Енді 8 маусымда «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина мен ресейлік Анастасия Павлюченкова кім мықтыны анықтайды.