Тараз қаласының брендін құру

Тараз қаласының брендін құру

Тараз қаласының брендін қалыптастыру мақсатында туризм басқармасының басшысы Ж.Мұртаза «OMG Kazakhstan» ЖШС директоры және «Scat» авиакомпаниясының маркетологы А. Сытникпен кездесті.
Тараптар Тараз қаласының брендін және Жамбыл облысының туристік әлеуетін республикалық және халықаралық деңгейде ілгерілету және оны әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграциялау бойынша алдағы мақсаттарды талқылады.