Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл Венчурлық ерте қаржыландыру қорын құруды жоспарлап отыр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл Венчурлық ерте қаржыландыру қорын құруды жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылатын Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы шеңберінде Венчурлық ерте қаржыландыру қорын құру жөніндегі рәсімдерге бастамашылық жасайды.

"Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ осы жобаны іске асыру жөніндегі үйлестіруші ретінде әрекет етеді.

ЦДИАӨМ үйлестірушімен бірге жақын арада әлеуетті қатысушылардан, басқарушы компаниялардан, инвесторлардан және басқа да мүдделі тұлғалардан ұсыныстар сұранысы туралы хабарлайды.

Қор мәселелері бойынша байланыс: +7-705-111-13-87