Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң қабылданды

Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң қабылданды

Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасына ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгеріс пен толықтырулар қабылданып, қорытынды шығарылды.

"Сенат ұсынған өзгеріс пен толықтыру шетелдік жер пайдаланушылардың және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік және жер пайдалану құқығымен кандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуді көздейтін заң жобасының Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды және оның мазмұнын нашарлатпайды", - делінген Мәжілістің тұжырымдамасында.

Айта кетейік, Сенат Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағына өзгеріс және 128-бабы 4-тармағының бірінші абзацына толықтыру енгізді.

Бұған дейін Сенат өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін заңды Мәжіліске қайтарған болатын. 

Сенат шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Ол кезде Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті. Сондықтан сенаторлар түзетулер енгізіп құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды.

Айта кетейік, жақында бес сенатор қатысқан жер комиссиясы өз жұмысын аяқтаған болатын. Комиссия отырысы барысында осы саладағы заңнаманы жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар айтты. Ұсыныстарды ескере отырып, Үкімет қазіргі уақытта жер пайдалану саласында заңнамалық түзетулер топтамасын әзірлеп жатыр. Соңғы отырыста қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді бес жылға ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Ақпарат дерекнамасы: Tengrinews.kz.