Бағдат Мусиннің аэроғарыш мәселесі бойынша Ресейге іссапары

Бағдат Мусиннің аэроғарыш мәселесі бойынша Ресейге іссапары

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей Федерациясының Самара қаласына жұмыс сапарымен барып, аэроғарыш өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады.

Сапар барысында қазақстандық мекеме басшысы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесіп, «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік жобасын жүзеге асыру бойынша үйлестіру кеңесінің «Прогресс» зымырандық-ғарыштық кешенінде өткен отырысына қатысты.

Тараптар «Бәйтерек» жобасы бойынша жұмыс барысын, оны әрі қарай жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ Б. Мусин мен Д.Рогозин "Союз-2" тасымалдағыш зымырандарын құрастыру үрдісімен және перпективті "Союз-5" зымырандарының  өндіріс қарқынымен танысты.