Министрдің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары: Бағдат Мусин өңірді цифрландыру барысымен танысты

Министрдің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары: Бағдат Мусин өңірді цифрландыру барысымен танысты

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Сапар барысында Министр Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалына барып, ұжыммен кездесіп, клиенттермен әңгімелесіп, оңтайландыруды қажет ететін процестерді қарастырды. Мысалы, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттарды қабылдау процесін көрсетті. Бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде автомектептердің деректер қорын құру және барлық қажетті деректерді алу үшін ақпараттық жүйесінде біріктіру.

Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу мақсатында Министр ХҚКО-ның анықтамалық орындарын (СОО, ЖОО, мектептер және т.б.) құруды ұсынды. Әкімдікпен жасалған келісімдер аясында пилоттық режимде 10 ХҚКО-ның анықтамалық орындар іске қосылады.

Ведомство басшысы Жедел басқару орталығы және «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет бойынша қауіпсіздік саласындағы цифрландыру жобаларымен танысты. Бүгінде, «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет 280 мыңнан астам қоңырау қабылдады.

«Жергілікті мамандарды тарту және әкімдіктің облысты цифрландыру үдерісіне қызығушылығы қуантады. Өңірдің әлеуеті орасан зор. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсететін боламыз», – деді Бағдат Мусин.

Бағдат Мусин облыстық IT-Hub-та болып, оған өңірлік Технопарктің шешімдерін ұсынды. IT-Hub жеке инвестициялар есебінен құрылды және цифрлық бастамаларды, стартаптарды тарту және цифрлық мәдениетті қалыптастыру орталығына айналды.

Министр өңірлік проблемаларды шешуге бағытталған стартаптардың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, ведомство басшысы SanaMal және RFID07.kz стартаптары. SanaMal – фермерлерге малды есепке алу бойынша көмекші қосымша. Фермерлік шаруашылық процестерін оңтайландырады және қаржы есебін жүргізеді. RFID07.kz бейсауат жануарларды аулау, чиптау және медициналық процедуралар мен вакцинацияларды тіркеу мәселелерін шешеді.

Бұдан басқа, Бағдат Мусин БҚО-дағы Дата-орталықтың жұмысымен танысып, жоғары агро-техникалық колледжде болып, облыс басшылығымен цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.