Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді  Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Құрметті шығысқазақстандықтар!  Сіздерді  Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді  Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл қасиетті ай өмірдің жаңаруы, барша мұсылман қауымының   рухани кемелденуі!

Қазақстан ежелден бейбітшілік пен ауызбіршілік, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеу, толеранттылық аумағы болып табылады.

Ислам ілімі ұлттық дәстүрлерге құрметпен және Отанға деген жоғары  сүйіспеншілікпен қарап, қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық үйлесім табады.

Қасиетті Рамазан айында барлық игі тілектеріңіз қабыл болып, әр шаңыраққа  береке-бірлік,  мол ырыс әкелсін.

Сіздерге зор денсаулық және   табыстар тілеймін!

 

ШҚО ДІБ басшысы Н.Е.Құнанбаев