Жария талқылау мақсатында дербес деректерді қорғауды күшейтуге бағытталған заңнамаға түзетулер жобасы қайта жарияланды

Жария талқылау мақсатында дербес деректерді қорғауды күшейтуге бағытталған заңнамаға түзетулер жобасы қайта жарияланды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жария талқылау мақсатында жеке деректерді қорғауды күшейтуге және азаматтардың жеке деректерге қатысты құқықтарын кеңейтуге бағытталған заңнамаға түзетулер жобасын қайта жариялады.

Түзетулердің жаңа редакциясы алғашқы жария талқылау барысында алынған қоғам және бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып қалыптастырылды (19.03.2021 жылдан бастап 7.04.2021 жыл аралығында өткізілді).

Негізгі өзгерістер бойынша жалпыға қолжетімді ресурстардан алынған дербес деректерді жинауға және таратуға тыйым салу, азаматтардың өз жеке деректерін «жою» және оларға билік ету құқығы, өңдеу заңдылығын және тиісінше қорғауды бақылауды күшейту және т.б. болып табылады.

Түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7979084).

Барлық өз пікірін білдірушілердің төмендегі тәсілдердің кез келгенімен танысуға және өз ұстанымын білдіруге мүмкіндігі бар:

  • көрсетілген дереккөздердегі түсініктемелер арқылы;
  • kib@mdai.gov.kz электрондық поштаға хат жіберу арқылы;
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс мекенжайына пошта арқылы.

Министрлік барлық азаматтар мен бизнес субъектілеріне белсенділік танытқаны және жобаға сындарлы ұсыныстары үшін алғыс білдіреді.