ҚР ЦДИАӨМ мен «OneWeb» спутниктік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ЦДИАӨМ мен «OneWeb» спутниктік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) британдық «OneWeb» компаниясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, ҚР ЦДИАӨМ және «OneWeb» спутниктік байланыс саласында тығыз ынтымақтасатын болады. Бұл тараптарға Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасуға қиын ауылдық елді мекендерді «OneWeb» байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай жабу жөніндегі мәселені пысықтауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, тараптар Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің базасында «OneWeb» спутнигіне жиынтықтауыштарды құрастыру бойынша ынтымақтастықты қарастырады.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдерін спутниктік интернетпен қамтамасыз ететін «OneWeb» Орталық Азия техникалық орталығын» ашу жоспарлануда.