Хабарлама

Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік монополия субъектісі – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК (бұдан әрі – «МРҚ» РМК) тарифтерінің деңгейін бекіту қызметтерге  шеңберінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:

1) Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;

2) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді жүзеге асырады.

Жария тыңдаулар 2021 жылғы 19 сәуір сағат 11:00-де онлайн режимде өткізіледі.

 Осыған байланысты, «МРҚ» РМК жоғарыда көрсетілген қызметінің бағаларын талқылауға тұтынушыларды, монополияға қарсы органның өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды шақырамыз.

Жария тыңдауға қатысушының кандидатурасы туралы ұсыныстарды     2021 жылғы 14 сәуірге дейінгі мерзімде d.zhanseitova@mdai.gov.kz электрондық мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз.