99 киножоба ұлттық кино мәртебесінен үмітті

99 киножоба ұлттық кино мәртебесінен үмітті

2019 жылғы  3-7 маусым аралығында Алматы қаласында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы  алғашқы киножобалар питчингін өткізді.  Іріктеу нәтижесі бойынша ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті 99 жобаның авторлары тыңдалды.

Жалпы 109 өтінім келіп түсті, оның ішінде 10 авторлардың өздерінің  қайтарып алуы және іріктеу талаптарына сай келмеу себептеріне байланысты питчингке жіберілмеді.

99 жобаның  85 сценарийі  көркем фильмнің ұсынымы болса, 7-ден деректі және анимациялық фильмдер. Жалпы өтінімнің 8-і дебюттік.

Авторлардың арасында қазақстандық режиссерлар және продюсерлермен қатар, шетелдік авторлардың болғандығы да айта кетейік. Байқауға  әр түрлі жанрлардағы жобалар ұсынылды – отбасылық драмадан тарихи эпопеяға дейін.

Барлық жобалар бойынша беделді Сараптама кеңесі мүшелері, олардың арасында Асанәлі Әшімов, Сатыбалды Нарымбетов, Бекболат Шекеров және т.б. өздерінің шешімдерін шығарды. Ендігі сөз қаржыландыру үшін фильмдердің тізбесін қалыптастыратын және бекітетін .Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда.

 Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2019 жылғы 23 мамыр мен 1 маусым аралығында ұлттық фильм деп танылуға үмітті киножобалар байқауына өтінімдер қабылдаған болатын.