Жақында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Түркияның Mental HR Consultancy компаниясы туризм саласының кәсіби мамандарын даярлау және еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның туризм мен басқа да сабақтас салаларында 470 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ы. Яғни, туризм саласында қызмет көрсетудің отандық секторын дамыту мәселелері кадрлардың біліктілігін арттыру процесін жақсартумен байланысты.
«Нарықта білікті кадрлар тапшылығы бар, әсіресе кәсіби дайындалған желілік қызметкерлер болмаған кезде, туризмді сапалы дамыту мүмкін емес», - дейді Kazakh Tourism ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.
Туризмді қарқынды дамыту үшін екі негізгі құрамдас бөлік бар: елдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, біріншісі – бұл инфрақұрылым мен коммуникациялар. Салалық мемлекеттік бағдарлама 2019 жылы қабылданған сәттен бастап жалпы сомасы 61,1 млрд теңге құрайтын 55 жоба іске асырылды. Екіншісі – саланың құзыреті. Мемлекет тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі кадрлық әлеуетті дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөледі.
Мамандар даярлайтын алғашқы бейіндік Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті ашылғаны белгілі.
«Өткен жылы academy.tourismonline.kz платформасы өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл жерде әркім сапалы теориялық дайындық ала алады. Биыл біз кәсіби спикерлерді көптеп тарта отырып, жаңа оқыту модульдерін жасауды жалғастырамыз. Сондай-ақ, біз өңірдің оқу орындарының базасында Маңғыстау туризм саласы үшін жергілікті тұрғындар қатарынан желілік 1500 адамды оқыту бойынша сынамалы жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді Ержан Еркінбаев.
Айта кетейік, Mental HR Consultancy компаниясы бизнес субъектілері мен еліміздің мемлекеттік органдарының желілік және басқару қызметкерлерін оқыту мәселелерінен бөлек, инвестиция тарту және туристік секторды цифрландыру бағытында əріптестік көмек көрсете алады.