Қазақстан голливудтың көзімен

Қазақстан голливудтың көзімен

– Қазақстанның үлкен әлеуметі бар және оны тиімді пайдалана білу экономикаға және мемлекетті насихаттауға пайдалы, - деді «Third Circle, Inc.» компаниясының серіктесі Ричард Смоткин. – Соңғы жылдары біз Қазақстанның кино саласындағы құқықтық реформаларын бақылап келеміз. Бұл заң ұлттық киноны дамытуға үлкен серпіліс беретінін және мемлекеттің киноиндустриясына инвестициялық салымдар әкелетінін айта кету керек. Кем дегенде, үш негізге: бірінші – заңды негіздеме, екінші – табиғи әлеует, үшінші – саяси тұрақтылыққа сүйене отырып,  осы сапардан соң біз Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытатын боламыз, - деп сөзін толықтырды Смоткин.

Шараның басқа да қатысушылары әріптесінің сөзімен келісетіндерін жеткізді. Қазақстанның экзотикалық ландшафтарына тамсана отырып, мұндаға мекендер Голливудтық кез келген ауқымды киножобаларының түсірілім локациясына айналатынын баса айтты.

Баспасөз отырысы соңында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма басшысы Андрей Хазбулатов және Ричард Смоткин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісім бойынша екі тарап кино саласында ынтымақтастықты дамытуға және  нығайтуға уағдаласты. Сонымен қатар, Қазақстанға шетелдік инвестиция тарту бойынша бірлесіп әрекет етуге келісті.