Заңбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда!

Заңбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда!

Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының  2020 жылғы жоспарына сәйкес, жер заңнамасының орындалуына қатысты профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары Ұлытау ауданы әкімі аппаратына жүргізілді.

Бақылау нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша аудан әкімінің және жер мәселесімен айналысатын жауапты мекеме басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста  аудан бойынша орын алған заңбұзушылықтарға жеке-жеке тоқталды.

Аудан әкімімен бірге заңбұзушылықтың туындау себебін және оны болдырмау жолдарын қарастырылды.

Жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша, Жер заңнамасын бұзған жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін, аудан әкіміне нұсқама  берілетін болады.