Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша интерактивті сабақ

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша интерактивті сабақ

2020 жылғы 16 ақпанында күні Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлерімен Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен интерактивті сабақ өткізілді. Оқыту «ZOOM» интернет - платформасы арқылы жүргізілді.
Сабақтың мақсаты балалар арасында өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау, сондай-ақ өртті анықтаған кезде олардың әрекет ету тәртібі болды. «Балалардың отпен ойнауы», «Жаңа туындаған өртті қолда бар құралдармен сөндіру әдістері» сияқты тақырыптар қозғалды.
Сабақ  «Қостанай облысының білім басқармасы» ММ-де өтті. Интерактивті сабаққа 559 оқушы қатысты. Сабақ соңында «сұрақ-жауап» оқыту форматы қолданылды, оның барысында өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қосымша талқыланды.
Балалардың өрт тақырыбына деген үлкен қызығушылығын атап өту керек.

Қостанай облысының ТЖД