Мемлекеттік емес ұйымдардың назарына

Мемлекеттік емес ұйымдардың назарына

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 28 желтоқсаннан бастап үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялады.

Гранттар беру конкурсыгранттық қаржыландыру саласындағы оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына және «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылған.

Гранттар беру конкурсына өтінімдер 2021 жылдың 20 қантары сағат 18.30-ге дейін қабылданатынын хабарлайды.

Үкіметтік емес ұйымдарға 2021 жылға арналған гранттар беру конкурсы туралы ақпаратты https://cisc.kz/2020/12/28/memlekettik-emes-%d2%b1jymdar%d2%93a-memlekettik-granttardy-beruge-arnal%d2%93an-konkurs-zhariyalanady-3/ хабарландыруына сілтеме жасай отырып алуға болады.