«Жайдарман-2020» фестивалі Ақжайық ауданында өтті

«Жайдарман-2020» фестивалі Ақжайық ауданында өтті

Жастар болашағына алаңдамайтын, олардың мәселелеріне елең етпейтін ел болмас. Біздің де елімізде жастарға көп көңіл бөлінуде. Ал, жастардың әсіресе, қазақ жастарының назары жайдарманда екені сөзсіз. Осы орайда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 12  қараша күні Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында аудандық жайдарман ойыны ұйымдастырылды. Шараның  негізгі мақсаты «Жайдарман» қозғалысын ауыл жастары арасында кеңінен насихаттау, олардық шығармашылық тұстарын шыңдау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Аталған шараға аудандық 6 жайдарман тобы қатысып, нәтижесінде І орынды «Ампер» командасы жеңіп алса, ІІ орын және ІІІ  орынды «Тайпақ», «Инстаграм Чапай» командалары иеленді. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.