«Жайдарман-2020» фестивалі Теректі ауданында өтті

«Жайдарман-2020» фестивалі Теректі ауданында өтті

Жайдарман – үлкен бір отбасы, қозғалыс десе де болады. Сол себепті де жайдарманның жастарға бергенінен берері әлі де болса мол. Қазақ жастарынан жайдарманды білмейтіні, көрмейтіні өте аз екенін білеміз. Демек, Жайдарманның бар жанарды жаулағаны рас. Осы орайда Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 17  қараша күні Теректі ауданы, Подстепное ауылында аудандық жайдарман фестивалі ұйымдастырылды. Шараның  негізгі мақсаты «Жайдарман» қозғалысын ауыл жастары арасында кеңінен насихаттау, олардық шығармашылық тұстарын шыңдау және жастардың бос уақытын тиімді үйымдастыру болып табылады. Аталған шараға аудандық 11 жайдарман командасы қатысып, нәтижесінде І орынды «Талант» командасы, ІІ орынды «Вилаж» командасы, ІІІ  орынды «Белес» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.