
Қазақ жастарының барлығы дерлік жайдарманның жанкүйерлері. Бүгінде жайдарман еліміздегі ең үлкен жобалардың біріне айналып үлгерді. БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Жас дем" жастар қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 19 қараша күні "Ақжайық" жайдарман лигасының финалдықойынын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты алдымен өнерпаз жастарды қолдау, оларға ынталандыру арқылы жайдарман ойынының дамуына ықпал ету болып табылады. «Жайдарман» ойындарынан жастарымыз тілге шешен болып, кез-келген ситуациядан әзілмен шығып кетуді үйретеді. Атаулы жоба аясындаосы уақытқа дейін 1/8, 1/4, 1/2 ойындарында қатысушы командалар іріктеліп, финалға 5 команда жолдама алды. Олар: "Квартал", "Дежавю", "Моцарт", "Европолис", "Белес" командалары. Аталған командалар өзара сайысқа түсіп, нәтижесінде "Моцарт" командасы ІІІ орынға, "Дежавю" командасы ІІ орынға және "Квартал" командасы бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" номинациясына "Белес" командасының ойыншысы Есенов Дәурен ие болды. Жеңімпаз командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.