Жайдарман сияқты тәрбие құралын жастарымызды тәрбиелеуде дұрыс пайдалана білген жөн. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен "Жас дем" ЖҚБ ұйымдастыруымен 20 қараша күні облыс көлемінде жайдарманшылар арасында "Ақжайық" жайдарман лигасының фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге "Назар аудар", "КазИИТУ", "Грант" және "Жаңа толқын" команда мүшелері бірлесіп "Ағалар" командасын, "Талант", "Квартал", "Дежавю", "Моцарт", "Европолис", "Белес" командалары мүшелері бірлесіп "Інілер" командасын құрап өзара сайысқа түсті. Жастарға тәрбие беретіндей ойындар, қазақи әзілдер көрсетіліп, "Ағалар" мен "Інілер" деп бөлінген командаларының әзілдері жарасып, сахнада әдемі ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде "Ағалар" командасы жеңімпаз атанып, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.