
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2020 жылдың 18 қараша – 5 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» тақырыбында этнос жастары арасында қашықтық бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, отандық ақындардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау және талантты жастарды табу.
Байқау көркемсөз оқу шеберлігін жақсы меңгерген облыс аумағындағы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары (өзге ұлт) арасында ұйымдастырылып, барлығы 80-ге жуық үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
1-ОРЫН - Орал қаласы, №25 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Джумагельдина Сабина, ұлты - татар. Жетекшісі: Г.Ташенова;
2-ОРЫН - Орал қаласы, №45 жалпы орта білім беретін мектебінің 7- сынып оқушысы Азизов Асет, ұлты - әзербайжан. Жетекшісі: Ж.Есендиярова;
2-ОРЫН - Жаңақала ауданы, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы Гафарова Камила, ұлты - татар. Жетекшісі: С.Алиев;
3-ОРЫН - Жаңақала ауданы, М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Михайлова Руслана, ұлты - алтай. Жетекшісі: А.Айткалиева;
3-ОРЫН - Орал қаласы, №48 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Николаева Гонжа, ұлты - белорус. Жетекшісі: Н.Куратаева;
3-ОРЫН - Орал қаласы, №46 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Юркеевич Анэль, ұлты - белорус. Жетекшісі:С.Нургужина;
Номинациялар:
«Озық талғам»: Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Шамшиева Дильназ, ұлты - татар. Жетекшісі:Б.Тулеуова;
«Заманауи талғам»: Орал қаласы, №33 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Саипбекова Даяна, ұлты – қырғыз. Жетекшісі:А.Кустанбаева.
«Мәнерлі мақам»: Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Доля Ксения, ұлты - украин; Жетекшісі: Н.Кереева;
«Көркемсөз шебері»: Орал қаласы, №40 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Юркевеч Наргиза, ұлты - украин. Жетекшісі: Б.Мурзахаева
Алғыс хаттар:
«Алғыс хат» - Тасқала ауданы, Мереке жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы кешенінің 9 сынып оқушысы Мартынова Юлия, ұлты-орыс; Жетекшісі: А.Жумашова.
«Алғыс хат» - Орал қаласы, №14 жалпы орта білім беретін мектебі 7-сынып оқушысы Панченко Мелисса, ұлты-орыс, Жетекшісі: А.Пергалиева.
«Алғыс хат» - Бәйтерек ауданы,Чувашинск ауылы, Чувашка жалпы орта білім беретін мектебі 9-сынып оқушысы Бегалиева Валерия, ұлты-орыс. Жетекшісі: Н.Байжигитова;
«Алғыс хат» - Орал қаласы, Серебряково жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Расторгуева Екатерина, ұлты-орыс. Жетекшісі:Б.Исанова;
«Алғыс хат» - Орал қаласы, №47ЖОББМ 8-сынып оқушысы Степанюк Рахат, ұлты-украин;
«Алғыс хат» - Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Камен ЖОББМ, 8-сынып оқушысы Стребкова Дарья, ұлты – орыс. Жетекшісі: А.Тапишева;
«Алғыс хат» - Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Алмалы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Шерстянкина Татьяна, ұлты-орыс. Жетекшісі: Д. Капатаева;
«Алғыс хат» - Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №22 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Шитова Камила, ұлты-орыс.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және алғыс хаттармен марапатталады.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Байқау жеңімпаздары туралы толық ақпаратпен басқарманың @bqo_tilder инстаграмм және БҚО Тілдерді Дамыту Басқармасы фейсбук парақшалары арқылы таныса аласыз.