«Ақпараттық қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізу туралы

«Ақпараттық қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге 2020 жылғы 6 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Кибер-қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылы пандемияға және қашықтықтан жұмыс түрлеріне өтуіне байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеуде.

Атап айтқанда, 2020 жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдардың саны 2,7 есеге жуық өсті.

Киберқауіптерден қорғауға Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы және «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесі, сондай-ақ АКИАМО-ның ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен байланыс операторларының, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерінің күштері мен құралдары тартылатын болады.

Киберқауіпсіздік оқу-жаттығуларын өткізу кезеңінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізуде түрлі проблемалар туындауы мүмкін. Оны қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болады.

Қауіпсіздік сертификатты орнату бойынша толық ақпарат алу мақсатында байланыс операторларына олардың ресми интернет-ресурстарына және техникалық қолдау қызметтеріне жүгіну қажет.