
29 қазан күні «Жайық таңы» ҚБ ұйымдастыруымен «Жас отбасы» жобасы аясында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында мұғалімдердің, психологтардың, жасөспірімдердің және олардың ата-аналарының қатысуымен: «Жасөспірім үйде тұрған кезде», «Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық психологиясы», «Өзіңді және басқаларды біл» тақырыбында бірқатар семинар-тренингтер өткізілді.
Оқу семинарының спикерлері:
- Аянгалиева Адима Дүйсенбаевна - практик-психолог.
- Науанова Альфия Елтаевна психолог-кеңесші.
- Аймақтық ресурстық орталықтың мамандары.
Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған психолог А.Е.Науановамен өткізілген семинарда интерактивті әңгіме, жаттығу-активация, «Менің құндылықтарым» жаттығуы, практикалық және жеке жұмыс жүргізілді, сонымен қатар «Отбасылық социограмма», Кейстер, «Step by step», «Рефлексия» жаттығулары жасалды.
Психолог А.Д.Аянгалиевамен жасөспірімдерге арналған тренинг өткізді. Жасөспірімдерді екі топқа бөліп, түске дейін және түстен кейін тренинг өткізілді. Тренинг өзін-өзі таныту және өзін-өзі таныстыру, басқалардың ерекшеліктерін анықтау, зерттеу жаттығуларының көмегімен ойын түрінде өткізілді, қатысушылар бір-бірімен сұхбат жүргіп, бір-бірімен әңгімелесіп, жан-жақты өзара зерттеулер жүргізді.
Семинарларда қатысушыларға брошюралар, буклеттер мен флаерлар берілді.
Мұғалімдер, ата-аналар және жасөспірімдер тарапынан бос уақытты ұйымдастыруға арналған білім беру семинарлары мен тренингтерді көптеп өткізу туралы ұсыныстар берілді.