
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді тегін меңгерту мақсатында жылма жыл мемлекеттік (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары деңгейлер) тілді оқыту курсы ұйымдастырылып келеді.
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік тапсыры негізінде «БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҚ» ЖШС 2020 жылдың тамыз айынан бастап басқарма ұсынған тізім бойынша тыңдаушыларды оқуға іріктеу және қабылдау жұмыстарын жүргізді. Алдымен тыңдаушылардың деңгейлерін анықтау және топтарды құру мақсатында тестілеу жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік тілді оқыту курсы 2020 жылдың 1 тамыз күні басталып, 20 қараша аралығына дейін жүргізілді. Нәтижесінде 702 тыңдаушы (36 топ), қорытынды аттестаттаудан өтіп, реестрға сай сертификаттар алды.