Бағдат Мусин қоғамдық ұйымдар өкілдерімен серіктестік мәселелерін талқылады

Бағдат Мусин қоғамдық ұйымдар өкілдерімен серіктестік мәселелерін талқылады

2020 жылғы 24 қарашада Қазақстанның IX Азаматтық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен бейінді ҮЕҰ-мен онлайн түрде кездесу өтті. Сұхбат барысында министр ағымдағы жобаларды іске асыру, ведомство қызметінің жоспарлары мен перспективалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Министр өз сөзін жалғастыра келе мемлекеттік электрондық порталдарды жаңғырту, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі процестерді жеңілдету жайында баяндап, телекоммуникация саласын дамыту және оны реттеу туралы сұрақтарға жауап берді.

Талқылау тақырыптарының бірі - кең жолақты интернетпен қамту, әсіресе шалғай елді мекендерде операторларға қойылатын байланыс сапасы талаптарының өзгеруі, сондай-ақ дербес деректерді қорғау жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Министр ағымдағы кезеңде операторларды салықтың 90%-ын төлеуден босату және осы қаражатты желі құрылысына инвестициялау, 250 және одан да көп халықтан тұратын ауылдарға интернет жеткізу туралы шешім қабылданатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерге интернетті ұсыну оптикалық талшық және интернетке мобильді кең жолақты қолжетімділік бойынша екі бағытта берілетінін атап өтті. Бұл технологиялар интернетті елді мекендерге барынша жедел және сапалы жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министр цифрландыру бағдарламасы аясындағы басқа ведомстволармен өзара іс-қимыл мәселелеріне, Министрліктің экономиканың жекелеген салаларын цифрландыру жобаларына қатысуы, сондай-ақ болашақта ҮЕҰ-мен сапалы диалог құруға байланысты процестерге тоқталып, қатысушыларды ынтымақтастық пен бірлескен жұмыс перспективаларын талқылауға шақырды.