ТМД елдерінің цифрлық дамуы саласында келісімге қол қойылды

ТМД елдерінің цифрлық дамуы саласында келісімге қол қойылды

2020 жылғы 6 қарашада бейнеконференция форматында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында Үкімет басшылары ТМД-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңді қамтитын және 29 бөлімнен тұратын іс-шаралар жоспарын бекітті.

Бұдан басқа, халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы саласындағы басым іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қызметтің түрлі бағыттары бойынша алдын ала келісілген бірқатар құжаттарға, атап айтқанда, бейбіт мақсаттарда атом энергиясын пайдалану, соғыс ардагерлері – жергілікті жанжалдарға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын арттыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламаларына, сондай-ақ инновацияларға талқылаусыз қол қойылды.

Қоғамның цифрлық даму саласындағы өзара іс-қимылды регламенттейтін келісімге қол қойылды. Осы келісімге қол қойған мемлекеттердің бюджеттерінен қосымша шығындар тартылмайды, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қозғамайды, теріс салдарларға ұшырамайды, ҚР заңнамасына қайшы келмейді және ратификациялауға жатпайды.

Ынтымақтастық бірнеше бағыттары бар, оның ішінде цифрлық экожүйені және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бағыты, АКТ дамыту, кадрлық даму және нормативтік-құқықтық реттеу бөлігінде тәжірибе алмасу бойынша жүзеге асырылатын болады.

Келісім жобасы ТМД ОК-де БКБ режимінде сараптама кеңестерінің отырыстарында қатысушы елдермен бірнеше рет талқыланды.

Келісім күшіне енгеннен кейін құзыретті органдардың тізбесін қалыптастыру, ӨҮК тұлғасында өзара іс-қимыл үйлестірушісінің пайда болуы, ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін, осы салада өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде берілетін ақпараттың сипатын айқындау көзделеді.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2021 жылғы 28 мамырда Минскіде өтеді.