
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жарнама агенттігінің – жарнама тілі» атты акция жүргізілуде.
Акцияның мақсаты: Орал қаласында орналасқан жарнама агенттіктеріне жарнама және көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сай ресімдеу жөнінде ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.
Акцияға «Postman», «City Print», «Реклама Плюс» жарнама агенттіктері қамтылып, аталмыш агенттіктерге көрнекі ақпараттардың тіл нормаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру жөнінде және жарнама тілін сауаттандыру мен аударманың дұрыс жасалуы туралы қажетті кеңестер берілді.