САУАТТЫ ЖАРНАМАҒА 3 ҚАДАМ

САУАТТЫ ЖАРНАМАҒА 3 ҚАДАМ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Сауатты жарнамаға 3 қадам» атты акцияның басталғанын хабарлаймыз. Акцияның мақсаты - қала көшелерінде заң талаптарына сай ресімделмеген жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды ретке келтіру, тіл заңдылығы талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік тілдің әлеуметтік беделін арттыру және қолданылу аясын кеңейту.   

«Сауатты жарнамаға 3 қадам» акциясына белсене қатысуға шақырамыз!