Цифрландыру - барлық реформалардың базалық элементі және заманауи Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер.

Цифрландыру - барлық реформалардың базалық элементі және заманауи Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер.

Мемлекет басшысының Жолдауында елді цифрландыруды дамыту бағыттары белгіленді және нақты бағдарлар берілді. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (ҚР ЦДИАӨМ) Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарға қолжеткізу жоспарын әзірледі. Осы жоспар аясында халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылуда.

Атап айтқанда, ел халқына сапалы байланыс ұсыну жөніндегі жоспар шеңберінде 250 және одан да көп халқы бар ауылдық елді мекендерде қамту аймақтарын ұлғайтуға бағытталған екі ауқымды жоба іске асырылуда.

«Ауылға ТОБЖ» жобасын мектептерге, ауруханаларға және әкімдіктерге қоса отырып, елді мекенге дейін оптикалық кабель жүргізуді көздейді. Бүгінгі күні талшықты-оптикалық байланыс бойынша интернет 1257 ауылдық және шалғайдағы елді мекендердің 835-інде бар. Жалпы, жоба бүкіл ел бойынша 2,4 млн. адамды қамтиды.

Екінші жоба шалғай елді мекендерде байланыс орнатудың бірегей мүмкіндігі болып табылады. Министрлік байланыс операторлары бәсекелестікке қарамастан, нарықтың барлық ойыншыларының халқына байланыс беру үшін операторлардың бірінің жабдығын пайдаланатын механизмін пысықтады. «Кеңейту» деп аталатын шартқа операторлар ағымдағы жылғы қазанның басында қол қойды.

Бұдан басқа, ҚР ЦДИАӨМ бұзушылықтарды анықтауға және егер байланыс сапасы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, айыппұл салу немесе лицензияларды кері қайтарып алу арқылы байланыс операторларына қатысты санкцияларды қолдануға мүмкіндік беретін байланыс сапасына қойылатын талаптарды құру мәселесін пысықтады. Сондай-ақ, Министрлік елдегі байланыс сапасын жақсарту бағдарламасы шеңберінде байланыс операторлары үшін айыппұл сомасын ұлғайту мәселесін көтерді.

Барлық анықтамаларды қағаз жеткізушілерден онлайн түрде ауыстыру аясында анықтамалар тізбесін анықтау және қандай да бір ведомствомен біріктіру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда қағаз анықтамаларды онлайн форматқа ауыстыру бойынша оннан астам жоба сәтті жүзеге асырылды.

Нақты айтқанда, kaspi.kz қосымша арқылы ЖК ашу жобасы, донорлыққа келісімді тіркеу, Арнайы ХҚКО-ларда және ХҚКО-ларда кезекті брондау, жер кадастрынан мәліметтері, білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау, қорғаншылар мен қамқоршыларға төлем тағайындау және т.б. іске асырылды. Президент айтқандай – «Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс!». Деректер басқа ведомстволармен ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқасында адамдардың орнына жүгірді. Осылайша, қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың кабинеттеріне барып, анықтама іздеудің қажеттілігі жоқ. Енді оларды онлайн алуға болады.

Сонымен қатар, бұдан былай жеке басты куәландыратын құжаттар eGov Mobile қосымшасында цифрлық форматта қолжетімді. Енді басқа тұлғаларға ұсыну үшін оларды үнемі алып жүрудің қажеттілігі жоқ. Смартфон арқылы жүргізуші куәлігін немесе жеке куәлікті көрсетуге болады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндікті заңнамалық тұрғыда бекіту мәселесі пысықталуда.

Egov порталында тіркеу процесін барынша жеңілдету және ыңғайлы ету үшін адамға бір минут ішінде тіркелуге мүмкіндік беретін биометрия қолданылатын болады. Авторизацияның бірнеше сатысынан өтудің қажеті жоқ, тек смартфонның экранына қарап, ол пайдаланушыны тіркеу арқылы таниды.

Бұл жобаларды енгізу жыл сайын жаңартуды қажет ететін инфрақұрылымдық қуаттардың арқасында мүмкін болды. Атап айтқанда, қазіргі кезеңде процестерді реинжиниринг жүргізу және кейбір ведомстволардың бірқатар IT жүйелерін жою немесе оларды шлюз деп аталатын бір орталыққа біріктіру қажет. Қазіргі уақытта әрбір ведомствоның кемінде 10 IT-жүйесі бар, олардың кейбіреулері моральдық тұрғыдан ескірген, басқалары өзара біріктірілмеген. Сондықтан болашақта қандай да бір ведомстволардың жұмысын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік беретін талдау жүргізуге және болжауға мүмкіндік беретін барлық деректерді көру үшін талдау жүргізу және жүйелердің дұрыс құрылымын жасау маңызды.

Осындай ауқымды елдік жобаларды ұйымдастыру үшін IT кәсіби мамандарының тиісті саны қажет. Өкінішке қарай, жергілікті нарықта олар шамалы ғана. ҚР ЦДИАӨМ білім базасын қалыптастыру процесін бастады және жергілікті нарық пен экспортқа мамандарды даярлау жөніндегі жобалар жасауда.

ҚР ЦДИАӨМ жеке серіктестермен бірлесіп воркшоптар, семинарлар және т.б. қамтитын кәсіпқой мамандар үшін акселерация бағдарламасын ұйымдастыруда. Бұл бағдарламалар біздің мамандарға шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болу мақсатында қосымша білім мен сертификаттар алуға мүмкіндік береді.