Бекет ата мешіті

Бекет ата мешіті

Бекет ата десе, көбінің ойына тек Маңғыстау келеді. Оғландыдағы мешітінің авторитеті ұрып тұр. Енді осы мешітінен бөлек Бекеттің тағы төрт жерасты мешіт салғанын білуші ме едіңіз? Негізі, жетеуін салған дейді-мыс. А-а, иә, әр мешітінің арасы тұп-тура 250 шақырым дейді. Тексермедім. Өз көзіммен көргенім мынау – Атырау облысының Жылыой ауданында, Жем өзенінің бойындағы Ақмешіт деген жердегі мешіті. Алғашқы мешіті.
Неге бұл тұста салынған? Бекет ата осы тұста дүниеге келген. Әкесі мен шешесі осы тұсқа жерленген. Әрине, әу бастағы қалпы сақталмаған. 90-шы жылдардың басында ел-жұрт ортадан қор жиып, мына күмбездерді салған. Қысқаша осы. Ал Бекет атаның тұлғасына келер болсақ, ұзаққа кетіп қаламыз. Ақиқатына бірнеше тонна аңыздың қабаты арқылы жету керек боп қалды. Менің білетінім, ол - Хиуаға барып, жеті жыл медреседе оқып, содан кейін Арал мен Каспий аралығындағы жұртқа дін жайған, бала оқытқан ұстаз.
Айтпақшы, осы Бекеттің Ақмешіттен алыс емес тұста Құлшан ата мешіті бар екен. Айтпақшы, Құлшан Бекет атаның ең үздік шәкірті болған дейді, басқа дерегі аз. Оны да көрдім. Тұрған жері кей ракурстан Грекияның Салоникиін еске сала ма, сондай атмосфералы жер. Егер ерінбесем, ертең Жұбан тамы жайлы жазамын, ерінсем, онда Атырау облысынан жолжазбам бітті деген сөз)


https://www.instagram.com/p/CGz_bCTHJLy/
#бабаларізімен